Журналистика мамандығына шығармашылық емтихан
SDU University журналистика саласына қызығушылық танытқан талапкерлер үшін 2025 жылғы шығармашылық емтихан күндерін жариялады. Биыл аталған мамандық бойынша шығармашылық емтихан 11-12 шілде күндері өтеді.
Шығармашылық емтиханға қатысу үшін өтініштер 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданады.
Емтихан екі кезеңнен тұрады: жазбаша және ауызша тапсырмалар. Бұл талапкерлердің мәтін жазу машығы мен сыни ойлау қабілетін, сондай-ақ өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізе алуын бағалауға бағытталған.
Журналистика мамандығы – қоғамдағы маңызды оқиғаларды шынайы әрі жедел жеткізетін кәсіби мамандарды даярлайтын бағыт. Осы салаға бет бұрғысы келетін талапкерлер үшін SDU University заманауи білім беру бағдарламасын, тәжірибеге негізделген оқыту тәсілдерін және кәсіби ортада шыңдалуға мүмкіндік беретін ортаны ұсынады.
Толық ақпаратты @journalism_sdu парақшасынан біле аласыздар.