SDU University студенттеріне арналған мүмкіндік!
Сізде экотехнологиялық немесе цифрлық салада стартап бар ма? Немесе инновациялық идеяны жүзеге асырғыңыз келе ме?
Онда “Startup School 3: Green and Digital Silk Road” халықаралық акселерация бағдарламасына қатысуға өтініш беріңіз!
Тіркеу 2025 жылдың 1-ші тамызына дейін!
Бағдарлама Орталық Азия мен Жібек жолы елдеріндегі стартаптарды дамытуға арналған.
Бағдарламаның мақсаты:
- Экотехнологиялық және цифрлық даму салаларындағы стартаптарды қолдау
- Аймақтық стартап экожүйелерін жақындату және өзара байланысты арттыру
- Инновациялық шешімдердің интеграциясын күшейту
- Стартаптар үшін инвестициялық мүмкіндіктер жасау
Миссиясы:
Цифрландыру мен жасыл технологияларды дамыту арқылы тұрақты және цифрлық дамуға ықпал ету.
Бағдарлама не ұсынады:
- Практикалық тренингтер мен менторлық қолдау
- Қатысушылардың жобаларын бағалау және финалистерді іріктеу
* Demo Day аясында жобаны халықаралық сарапшылар алдында таныстыру
- Инвесторлармен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі
Қатысуға асығыңыз!
Тіркелу үші сілтеме: https://forms.gle/LCrhRUqctA2g5egY6