SDU University және Teach For Qazaqstan ұйымының серіктестігі: болашақ мұғалімдерді нарық сұранысына сай дайындау
SDU University-дің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті болашақ педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған EDU Career дуалды білім беру бағдарламасының дайындық кезеңі — EDU Career Incubator жобасын сәтті жүзеге асырды.
Аталған бастаманы Teach For Qazaqstan ұйымы қолдап, жобаның маңызды серіктесіне айналды. 2025 жылғы 6 наурыз бен 1 мамыр аралығында TFQ сарапшылары факультетіміздің 330 үшінші курста оқитын студентіне арналған екі айлық оқыту бағдарламасын ұйымдастырды. Бұл сабақтар болашақ мұғалімдерге қажетті дағдыларын дамытуға бағытталды.
Нәтижесінде, қойылған талаптар мен тапсырмалар негізінде 204 студент келесі кезеңге — EDU Career бағдарламасына іріктеліп өтті. Бұл бағдарлама студенттерге Қазақстанның алдыңғы қатарлы мемлекеттік және жекеменшік мектептерінде дуалды білім беру негізінде өту мүмкіндігін береді.
Teach For Qazaqstan ұйымына осы маңызды жобаны жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз және болашақта да жемісті әріптестігіміз жалғасады деп сенеміз.