2024–2025 оқу жылына арналған «SDU үздік эдвайзер» байқауының жеңімпаздары анықталды
Екінші жыл қатарынан Университетте білімгерлерге қолдау көрсетуде айрықша белсенділік танытқан оқытушыларды марапаттауға арналған кәсіби байқау — «SDU үздік эдвайзер» өткізілуде.
Биылғы байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
- 1 орын — Жолшаева Майра
- 2 орын — Сабидолда Шолпан
- 3 орын — Утеубаева Найля
Сонымен қатар, қатысушылар бес арнайы номинация бойынша да марапатталды.
«SDU үздік эдвайзер» байқауы — бұл тек кәсіби жетістіктерді мойындау ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға, кәсіби даму мен білімгерлерге қолдау көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды сайыс.
Эдвайзер — бұл тек академиялық сұрақтарға жауап беретін маман ғана емес. Ол — кеңес беретін, демеу болатын, шабыттандыратын және білімгердің үлкен жетістіктерге жетуіне көмектесетін тұлға.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер кәсібилік пен шынайы жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Еңбектеріңіз жана берсін, шабыттарыңыз сарқылмасын!

