SDU University-ге Explorance өкілі ресми сапармен келді
SDU University қазіргі таңда Explorance компаниясының Blue платформасымен жүйелі интеграциялау жұмысын бастап, оны ішкі ақпараттық жүйелерге енгізу үстінде. Explorance Blue — әлемнің жетекші университеттері қолданатын, бағалау мен деректерді талдау негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік беретін инновациялық және автоматтандырылған есептер платформасы болып табылады. Бұл платформа оңтайылы жинап, жиналған деректер жасанды интеллект пен аналитикалық құралдар арқылы өңделіп, ұсыныстармен көрсеткіштерді анықтау арқылы нақты әрекеттерге негіз болады. Нәтижесінде, мүдделі тараптардан кері байланысты тиімді жинақтау, белсенділікті арттыру көрсеткіштерін жақсарту және ұйымның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жол ашады. Платформа 2025-2026 оқу жылы толыққанды іске қосылады.
Кездесу барысында Samer Jaffar мырза білім сапасын арттырудағы зерттеу мен деректер талдау құралдарының рөлі туралы, сондай-ақ білімгерлер, оқытушылар, қызметкерлер мен жұмыс берушілерден алынған кері байланыс негізінде тиімді шешім қабылдау тәжірибесімен бөлісті.
Аталған серіктестік университетіміздің сапалы білім беру жүйесін дамытуға, деректерге негізделген шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыруына және халықаралық тәжірибені енгізуіге үлкен мүмкіндік береді.
