Ұлыбританиядан Қазақстанға дейін: Құндылыққа негізделген көпір

Бүгінгі жаһандану дәуірінде білім беру жүйесі тек қана ақпарат берумен шектеліп қалмауы тиіс. Ол адамның ішкі болмысын, мінез-құлқын, өмірлік ұстанымын қалыптастыруға бағытталуы қажет. Осы тұста SDU University мен Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінің арасындағы жаңа ынтымақтастық — еліміздегі білім берудің жаңа деңгейге көтерілуінің нышаны десе болады.

Бирмингем университеті –Ұлыбританиядағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. 2025 жылғы QS World University Rankings бойынша университет әлемдік деңгейде 84 орында тұр. Times Higher Education және Academic Ranking of World Universities (ARWU) рейтингтерінде де алғашқы 150 университеттің қатарына енген. Сондай-ақ, Бирмингем университеті – Russell Group деп аталатын Ұлыбританияның таңдаулы зерттеу университеттері альянсының мүшесі. Бұл топқа кіретін оқу орындары ғылыми жаңалықтар мен зерттеулердің сапасымен, оқыту әдістерімен және әлемдік ықпалымен ерекшеленеді. Университет тарихында 11 Нобель сыйлығының лауреаты тіркелген.

Құндылықтар — сапалы білімнің өзегі

SDU University Ректоры бастаған делегация жуырда Ұлыбританияға іс-сапармен барып, Бирмингем университетінің негізінде құрылған Jubilee Centre for Character and Virtues орталығының жұмысымен танысып қайтты. Бұл орталық — мінез, құндылықтар мен адами ізгіліктерді зерттеуге және оны қолданысқа енгізуге негізделген жаңашыл зерттеу кеңістігі. Аталған орталықтың басты мақсаты — адамзаттың кемелденуі үшін қажетті адами қасиеттерді (character) зерттеу мен дамыту. Jubilee орталығы тек теориялық зерттеумен шектелмей, білім саясаты мен тәжірибеге тікелей ықпал ететін жобаларымен танымал.

Екі университет арасындағы алтын көпір

SDU University Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінде Jubilee орталығының үлгісімен құндылықтарға негізделген білім беру бағыты бойынша зерттеу орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл — университет тарихындағы маңызды бетбұрыс болмақ. Бұған дейін «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры да құндылықтар білімін дамыту мақсатында Бирмингем университетімен меморандумға қол қойған болатын. Осы орайда Қор өкілдері ұйымдастыруымен Қазақстанға арнайы сапармен келген Бирмингем университеті делегациясы SDU University тәжірибесімен танысып қайтқан. Қонақтар университетте академиялық-әлеуметтік бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берген еді.

Character Education дегеніміз не?

Қысқаша айтқанда, бұл — баланың академиялық жетістіктері ғана емес, оның мінез-құлқы, ішкі адамгершілік қасиеттері, өмірлік ұстанымы, жауапкершілігі мен жан-дүниесінің байлығы қатар дамытылатын жүйе. Еліміздегі озық мектептер тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлгенімен, бұл бағытта ғылыми зерттеулер мен жүйелі әдістеме жетіспейді. Ал батыста бұл салада нақты стандарттар, әдістемелер мен көрсеткіштер бар. SDU университеті Jubilee орталығының тәжірибесін Қазақстанға бейімдеп, тереңдетуді мақсат етіп отыр.

Мухаммедали Ибрагимов, Әлеуметтік істер жөніндегі проректор, құндылыққа негізделген білім беру концепциясының авторлық ұжымның мүшесі:

«Jubilee орталығымен танысу бізге білім берудің терең мағынасы – адамның тұлғалық және моральдық болмысын қалыптастыру екенін еске салды. Character – бұл адамның ішкі тұтастығы, virtues – оны айқындайтын ізгі қасиеттер, ал values – сол қасиеттерге негізделген құндылықтар жүйесі. Jubilee орталығы character education-ді осы үш деңгейдің үйлесімді бірлігінде дамытып отыр. Біз бұл серіктестікті тек тәрбиелік бағыт емес, білім мен құндылықты ұштастыратын тұтас жүйе ретінде қабылдаймыз. SDU оқытушылары осы бағыттағы халықаралық курстар мен онлайн магистратураға қатысып, заманауи әдістемелерді меңгереді. Сонымен қатар, бірлескен зерттеулер мен халықаралық конференциялар ұйымдастыру жоспарланған. Jubilee орталығымен меморандум – тек университетаралық байланыс емес, болашақ азаматтардың тұлғалық кемелденуіне жол ашатын, ұлттық білім жүйесін жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам деп білеміз».

Қоғамдық жауапкершілік пен адами болмыс

Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған Тұрақты даму мақсаттары (SDG) аясында әлем елдері тек техникалық білімге ғана емес, адами құндылықтарды бойына сіңірген тұлғалар қалыптастыруға күш салуда. Мұндай азаматтар өз елімен қатар, бүкіл адамзаттың дамуына үлес қоса алады. Осы орайда SDU University-дің Jubilee орталығымен серіктестік орнатуы — халықаралық деңгейдегі маңызды стратегиялық шешім.

Бұл ынтымақтастық Қазақстанда Character Education саласында жүйелі өзгерістерге жол ашуы мүмкін. Академиялық білімнің өзегіне адами құндылықтарды сіңіре отырып, біз келешекте рухы мықты, жауапкершілігі жоғары, әділ әрі ізгі азаматтарды тәрбиелей аламыз.

Қазіргі уақытта SDU университетінің профессорлық оқытушылар құрамы Бирмингем университеті және Оксфорд университетімен бірлесіп құндылыққа негізделген білім бағыты бойынша ұйымдастырған халықаралық ғылыми конференцияға, кәсіби біліктілікті жетілдіру курстарына белсенді түрде қатысуда.

SDU University мен Бирмингем университеті арасындағы әріптестік — жай ғана академиялық келісім емес. Бұл — болашақ ұрпақты білімді болумен қатар, рухани бай, ізгі мінезді, шынайы азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған биік миссия. Тың бастама өз жемісін көп күттірмей беретініне сеніміміз мол.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: