Гонконгтағы халықаралық конференция
Гонконг қаласында SDU Univеrsity (Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті), The Education University of Hong Kong (I-WELL орталығы) және Sultan idris Мalaya University-мен бірлескен “Бір жол, бір белдеу” атты үлкен халықаралық конференция болып өтті. Конференция “Арнайы және инклюзивті білім берудегі жасанды интеллект”, “Арнайы педагогиканың педагогика және психологиямен интеграциясы” және “Инклюзивті білім берудің жаһандық перспективалары” секілді секциялар жұмыс істеді.
Конференция барысында Қазақстаннан SDU University, Nazarbayev University, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті және Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессорлары өз баяндамаларын жасады.
Сондай-ақ, SDU Univеrsity қабырғасында The Education University of Hong Kong, Арнайы қажеттіліктер мен инклюзивті білім беру институтымен бірлескен консорциум аясында Әлеуметтік және инклюзивті білім беру орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды. Құрылған Орталық білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың (әсіресе, ерекше қажеттілігі бар) әлеуметтік бейімделуін, отбасы-мектеп-оқушы арасындағы позитивті қатынас құруды, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру, әлеуметтік педагогтар мен инклюзивті білім беру мамандарын кәсіби тұрғыдан қолдау, қоғамдағы әлеуметтік және инклюзивті білім беру туралы түсінік қалыптастыру және қызығушылықты арттыру мақсатында педагогикалық ағартушылық жұмыстарын жүргізуді көздейді. Бұл келісім еліміздегі инклюзивті білім беру мен арнайы педагогика саласында көптеген бастамаларға жол ашады деген үміттеміз.

