SDU Extension School: Foundation бағдарламасының студенттері оқу жылын сәтті аяқтады
SDU Extension School Foundation бағдарламасының биылғы студенттері оқу жылын табысты аяқтады! Бұл – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі.
Дайындық барысында студенттер ағылшын тілін терең меңгеріп, жалпы көлемі 450 сағаттық тілдік курсты сәтті аяқтады. Сонымен қатар, олар бакалавриат деңгейіндегі кейбір пәндермен танысып, болашақ мамандықтарына алғашқы қадамдарын жасады. Университет өмірінің қарқынына бой үйретіп, жаңа ортаға бейімделу арқылы студенттер өз мүмкіндіктерін кеңейтті.
Foundation бағдарламасы – бұл тек тіл үйрену ғана емес, сонымен қатар студенттің академиялық және тұлғалық дамуына арналған маңызды кезең. Жаңа белестерге дайын, сенімді және білімге құштар жастар үшін бұл жыл – берік іргетас болды.
Ақ жол Foundation түлектері! Жаңа жеңістер мен жетістіктерге толы болашақтарыңыз жарқын болсын!
Foundation бағдарламасы туралы толығырақ білгіңіз келсе, 8 775 595 2215 нөміріне хабарласыңыз!
