SDU University қабырғасында SDSN KAZAKHSTAN конференциясы өтті
16 мамыр күні SDU University-де «Тұрақты даму және тұрақтылықты қалыптастырудағы әріптестік пен ынтымақтастық» тақырыбында SDSN Kazakhstan ұйымының үшінші конференциясы өтті.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) жүзеге асыру жолында ғылыми қауымдастық, мемлекеттік сектор және халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Конференция аясында жаһандық және ұлттық деңгейдегі тұрақты даму мәселелері, білім беру, денсаулық сақтау, экономикалық даму, экология және әлеуметтік әділеттілік тақырыптары талқыланды.
Бағдарламада екі негізгі сессия және бірнеше параллель секциялар ұйымдастырылды. Оған Германия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан сарапшылар мен сала мамандары қатысты.
Шара барысында қатысушылар SDU University кампусын аралап, университеттің инфрақұрылымымен танысты.
SDSN Kazakhstan конференциясы SDG мақсаттарына жету жолындағы тәжірибе мен идея алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.


