SDU University-де Fortinet зертханасының ашылуы: заманауи ақпараттық қауіпсіздік білім беру бағытындағы маңызды қадам
15 мамыр күні SDU University-де желілік және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Fortinet компаниясының зертханасы салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсімінде лентаны Академиялық істер жөніндегі проректор Андрей Богданчиков пен Fortinet компаниясының Қазақстандағы өкілі Елжан Насипов қиды.
Зертхананың ашылуы Fortinet компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторлары — Abris Distribution және Marvel Kazakhstan компанияларының қолдауының арқасында мүмкін болды. Олар заманауи жабдықтарды ұсынды.
Зертхана келесі Fortinet құрылғыларымен жабдықталған: FortiGate 30G, FortiWiFi 40F, FortiSwitch 248D, FortiAP 231F.
Сондай-ақ зертханалық сабақтар мен арнайы курстар өткізу үшін Fortinet бұлттық полигондарына қолжетімділік берілген.
Fortinet Academy-мен серіктестік SDU University студенттеріне кең ауқымды білім алу мүмкіндіктерін ұсынады:
Fortinet Training Institute ресми платформасында оқу
Зертханалық тапсырмалар мен бұлттық киберполигондарға қолжетімділік
Fortinet кәсіби сертификаттаудан өтуге арналған ваучерлер
Зертхана ашылуында Fortinet, Abris Distribution және Marvel Kazakhstan инженерлері, факультет оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ университет әкімшілігінің өкілдері қатысты.
Fortinet зертханасының ашылуы — ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әлемдік стандарттарға сай білікті мамандарды даярлаудағы маңызды қадам. SDU University жетекші технологиялық компаниялармен серіктестікті жалғастыра отырып, студенттерге практикалық білім алуға бірегей мүмкіндіктер ұсынып келеді.


