"Міндетті грант өтемі" тақырыбында ақпараттық кездесу өтті
13 мамыр күні университетімізде бакалавриаттың 4-курс, магистратура және докторантура білім алушыларына арналған ақпараттық кездесу өтті. Шақырылған спикер – “Қаржы орталығы” АҚ өкілі Тыныбеков Абылай Амангелдіұлы студенттерге мемлекеттік грантпен білім алғаннан кейінгі жұмыспен өтеу міндеттемелеріне қатысты өзекті ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде бекітілген заңнамалық өзгерістер, түлектердің оқу аяқталған соң қай салада және қандай мекемелерде жұмыс істеуі қажет екендігі, міндетті өтеу мерзімінің қалай есептелетіні, сонымен қатар дербес жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Спикер сондай-ақ арнайы міндетті грант өтемінен босатылу шарттарына тоқталып, студенттердің көптеген жеке сұрақтарына жауап берді.

