SDU University-де Халықаралық мәдениет күні аталып өтті

29 сәуір күні SDU University-де дәстүрлі Халықаралық Мәдениет күні өтті. Бұл – достықты, өзара түсіністікті және мәдени алуандықты дәріптейтін, студенттерді, дипломаттарды және қонақтарды біріктіретін жарқын әрі маңызды шара.

Салтанатты ашылу рәсімі ұлттар шеруімен басталды: шетелдік студенттер өз елдерінің ұлттық киімінде Қазақстан туының астында жүріп өтті. Бұл – елдегі ұлттар достығы мен бірліктің символына айналды. Шеруден кейін қонақтар 18 ұлттық стендке барып, әр халықтың мәдениетімен, ұлттық ойындарымен, атрибутикасымен, тағамдарымен және кәдесыйларымен танысуға мүмкіндік алды. Бұл стендтер – Қазақстандағы ұлттар арасындағы келісімді нығайтуға деген ұмтылыстың көрінісі болды.

Іс-шараға келесі мәртебелі қонақтар қатысты:
– Маттиас Кислер —Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы Бас консулы
– Дейже Холмс — АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері
– Людас Субачюс — Литва Республикасы Бас консулдығының кеңесшісі
– Фабрис Нёво — Франция Республикасының Алматыдағы Бас консулы
– Абдумаджид Дусимов — Өзбекстан Республикасының Елшілігі жанындағы консул-
– Себахот Алижонова — Тәжікстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы
– Цзян Вэй — Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы
– Хуанг Сяомин — ҚХР білім беру мәселелері жөніндегі консулы
– Ақылбек Бексұлтан — Қарасай ауданы әкімінің орынбасары
– Юлия Шастак — Education First өкілдігінің басшысы

Сондай-ақ, іс-шараға American Councils, Қазақстан халқы Ассамблеясы, КБТУ, АУЭС және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты

Шетелдік студенттері 200-ден асатын SDU тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық диалогты нығайтуға және өзара құрметті қалыптастыруға зор үлес қосуда.

Шараның қорытындысы – студенттердің гала-концерті болды. Әр елдің өкілдері мен студенттік клубтар өнер көрсетіп, достық пен бірліктің символына айналған керемет бағдарлама ұсынды:

Оңтүстік Корея – би (BTS Arirang)
Тәжікстан – би
Қырғызстан – би
Өзбекстан – би
Моңғолия – ән
Түркия – ән, би
Германия – би
Франция – мюзикл, ән
Индонезия – перфоманс, ән
Африка – перфоманс
Үндістан – би
Домбыра клубы, Music Club (SDU)

Музыка, би, ән мен театр қойылымдары арқылы студенттер Халықаралық Мәдениет күнінің басты идеясын – достық пен бірлікті көрсетті. Бұл шара SDU-дің мәдениет пен білім арқылы шекараны жойып, халықтар арасындағы түсіністік пен ынтымақты нығайтатын миссиясын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: