“SDU Extension school” орталығы әзірлеген бағдарламалар ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілді
“SDU Extension School” орталығының қолдауымен әзірлеген «STEM Интеграциясы: Мұғалім құзыреттілігін жүйелі түрде арттыру», «Мифтен шындыққа: авторлық бағдарламаны мұғалімнің өзі құрастыруы мүмкін бе?» және «Внедрение инновационного видения: трансформация школы» атты 3 жаңа курс бағдарламасы эксперттік сараптамадан өтті. 2020 жылғы 4 мамырдағы ҚР Білім және ғылым министрінің “Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту Қағидалары” атты №175 бұйрық және осы бұйрыққа қосымша болған ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №384 бұйрығы негізінде дайындалған бағдарламалар Министірліктің біліктілікті арттыру курстар тізіліміне енгізілді.
Мектеп басшыларына, басшысының орынбасарларына және педагогтерге арналған бұл актуалды бағдарламаларға қатысуды қаласаңыз, келесі номерге хабарласыңыз: +7 707 302 3134