ХVII Республикалық пәндік олимпиадалар өз мәресіне жетті: жеңімпаздар анықталды
2025 жылдың 24-25 сәуір күндері еліміздің жоғары оқу орындары арасында білім бәсекесі қыза түсті. «SDU University» базасында өткен ХVII Республикалық пәндік олимпиада аясында екі бірдей білім беру бағдарламасы бойынша студенттер өз білімдерін сынап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
24 сәуір күні «Филология (қазақ)» білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған олимпиада салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Қатысушылар мен қонақтарға арналған құттықтау сөздер мен шабыттандырар тілектер айтылып, білім сайысының шымылдығы түрілді. Күні бойы студенттер үш кезең бойынша сыналып, әдебиеттану мен қазақ тіл білімі салаларындағы терең білімдерін паш етті.
Қазылар алқасының шешімімен үздік командалар төмендегідей анықталды:
🥇 I орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
🥈 II орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
🥉 III орын – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
25 сәуір күні «Математика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша математика пәнінен ХVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстанның 18 университетінен келген студенттер қатысып, өз білімдерін математика саласында сынау мүмкіндігіне ие болды.
Жекелей есеп нәтижелері бойынша үздіктер:
🥇 Едіге Рамазан (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті)
🥈 Дюсенов Данияр (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Алексеенко Вадим (Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті)
🥉 Жақсылық Ренат (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті), Канапиева Карина, Махмұтжанов Арнұр (М.Х. Дулати атындағы Тараз Университеті)
Топтық есеп нәтижелері бойынша жеңімпаздар:
🥇 I орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
🥈 II орын – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
🥉 III орын – М.Х. Дулати атындағы Тараз Университеті
Олимпиадалар қорытындысында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, білім, достық пен ынтымақтастық алаңы ретінде іс-шара өз деңгейінде өтті.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Білім жолында жаңа жетістіктер мен жарқын белестер тілейміз!
