SDU University ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі бойынша сертификациядан сәтті өтті
SDU университеті Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі (Information Security Management Systems) саласында ISO/IEC 27001:2022 халықаралық стандартына сәйкес сертификаттаудан сәтті өтті деген қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді.
Бұл беделді халықаралық сертификат университетіміздің ақпараттық қауіпсіздік бойынша барлық халықаралық талаптарға толық сәйкес жұмыс істейтінін айғақтайды. Сертификат дербес және қызметтік деректердің қорғалуына, ақпараттық жүйелердің тұрақтылығы мен ақпаратқа қауіпсіз қол жеткізуге кепіл болады.
Сертификаттау процесі аясында ақпараттық қауіпсіздік бойынша ішкі ережелер мен регламенттер әзірленіп, университеттің жалпы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар жасалды.
Университеттің бұл жетістігі — онлайн білім беру бағдарламаларын дамытуға және қашықтан оқытудың барлық формаларын жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін маңызды алғышарт.
Осы ауқымды жұмыстың сәтті өтуіне зор үлес қосқан Университеттің IT департаментінің барлық қызметкерлеріне, бөлім басшыларына және сарапшымен сұхбаттасуға қатысқан ұжым мүшелеріне алғысымыз шексіз.
Бұл жетістік SDU университетінің қауіпсіз әрі сенімді білім беру кеңістігі екенінің тағы бір дәлелі!
