Халықаралық мүмкіндіктер апталығы: жаһандық білімге жол
9–10 сәуірде SDU университетінде «Халықаралық мүмкіндіктер апталығы» (Week of International Opportunities) атты ауқымды іс-шара өтті. Іс-шараны SDU Халықаралық қатынастар департаменті ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттер мен оқытушыларға шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және академиялық байланыстар орнату.
Бірінші күн: көрме, кеңес беру және панельдік сессиялар
SDU кампусында шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесу, кеңес алу, шетелге оқуға түсу, гранттар, жазғы мектептер мен қос диплом бағдарламалары жайлы ақпарат алуға мүмкіндік болды.
Көрмеге Алматы қаласының мектеп оқушылары мен студенттері қатысты. Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындары арасында панельдік сессиялар өтіп, бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық алмасу бағдарламалары туралы пікір алмасу болды.
Екінші күн: стратегиялық кездесулер мен ақпараттық сессиялар
Бұл күн SDU басшылығы мен Shanghai University of Electric Power делегациясының ресми кездесуінен басталды. Тараптар ұзақ мерзімді серіктестік пен бірлескен жобаларды талқылады.
SDU Business School мен Beijing Normal University Business School факультеттерінің кездесулері өтті.
Blue Hall залында студенттерге арналған ақпараттық сессиялар ұйымдастырылып, университет өкілдері шетелде оқу, стипендиялар мен ғылыми мүмкіндіктер туралы айтты.
Оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерге арналған семинарлар
SDU оқытушыларына арналған семинарларда келесі тақырыптар қозғалды:
халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу
шетелдік стажировкалар
бірлескен ғылыми жобалар
PhD диссертацияларына жетекшілік ету
Қатысушы жоғары оқу орындары мен ұйымдар:
Obuda University (Венгрия)
University of Debrecen (Венгрия)
Shanghai University of Electric Power (Қытай)
Beijing Normal University Business School (Қытай)
HKUST Guangzhou campus (Гонконг)
Universiti Putra Malaysia (UPM)
Adam Mickiewicz University (Польша)
Wismar University of Applied Sciences (Германия)
DAAD, EF Almaty, American Councils, American Space Corner Almaty, Sorbonne-Kazakhstan Institute
Іс-шара нәтижелері:
Жаңа халықаралық байланыстар орнатылды
Академиялық алмасу бағдарламаларын бастауға уағдаластық жасалды
Студенттердің шетелдік білімге деген қызығушылығы артты
Оқытушылардың ғылыми ынтымақтастыққа қызығушылығы өсті


