Қаржылық қауіпсіздікке арналған семинар
10 сәуір күні SDU университетінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен қаржылық қауіпсіздік тақырыбында семинар өтті. Іс-шара офлайн форматта өтіп, көптеген студенттердің қызығушылығын тудырды.
Семинар барысында қатысушылар келесі маңызды мәліметтерді алды:
🔹 “Дроп” деген кім және олардың құрбаны болмаудың жолдары;
🔹 Қаржылық пирамидаларды қалай тануға болады және алаяқтық схемелерден қалай аулақ болу керек;
🔹 Қаржыны қорғауға көмектесетін құралдар мен білімдер.
Бағдарламада интерактивті лекция (сұрақ-жауап форматында), сыйлықтары бар онлайн-ойындар, флешмоб және барлық қатысушыларға арналған сыйлықтар болды. Шара өте белсенді және қызықты форматта өтті — студенттер өз сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, қатысушылар Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиаданың шарттарымен танысты. Олимпиада жеңімпаздары Красноярск қаласында өтетін халықаралық кезеңге қатысу мүмкіндігіне және Қаржылық мониторинг агенттігінде жұмысқа орналасуға үміткер бола алады.
Семинар жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды және қазіргі заманда қаржыны дұрыс басқарудың маңыздылығын тағы бір еске салды.