SDU студенті шешендік өнер байқауында жүлдегер атанды
Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Тілдік білім беру кафедрасында «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 3-курс студенті Ділнұра Есжанова 2025 жылдың 11 сәуірінде Алматы қаласында өткен шешендік өнер байқауында II орынға ие болды. Бұл байқауды Қазақ-Неміс университеті (DKU) ұйымдастырған.
Аталған байқаудың басты мақсаты – университет студенттері арасынан үздік шешенді анықтау. Қатысушылар еркін тақырыпта, 3–5 минут аралығында сендіру сипатындағы сөйлеу өнерін паш етті.
Ділнұра Есжанова университетіміздің атынан жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өз шешендік қабілетімен қатар, сыни ойлау, креативтілік және сенімді сөйлеу дағдыларын айқын көрсете білді. Оның дайындық барысына жетекшілік еткен — оқытушы Қамшат Жолдасбек.
SDU ұжымы Ділнұраның бұл жетістігін зор мақтанышпен қабылдайды және алдағы ғылыми-академиялық және кәсіби жолында үлкен табыстар тілейді!

