Skip to content

Облыстық ғылыми жоба олимпиадасы

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Гуманитарлық ғылымдар кафедрасы “Пәнаралық зерттеу орталығымен” бірлесіп, “Тарихи айна: пәндер бейнесі” атты облыстық ғылыми жоба олимпиадасын өткізді.

Алматы облысы бойынша 80-ге жуық ғылыми жоба ұйымдастыру комитетіне келіп түсті. Олардың ішінен 32 үздік жұмыс іріктеліп, 20 наурыз күні оффлайн форматта қорғалды.

Жарысқа Қарасай, Іле, Талғар, Балқаш, Жамбыл аудандарының мектеп мұғалімдері мен оқушылары жеке және топтық түрде қатысып, өз жұмыстарын сәтті қорғады.

Талап бойынша: ұсынылған жобалар өзектілігі, жаңашылдығы және пәнаралық байланысы бар болуы қажет болды. Осы критерийлерге сәйкес үздік жұмыстар анықталды.

Барлық қатысушыларды еңбектерімен құттықтаймыз! Ғылым жолындағы ізденістеріңіз жемісті болсын!

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: