Қазақстанның 17 қаласында SPT олимпиадасы өтті
SDU University жыл сайын талапкерлерге арнап республикалық деңгейде олимпиада өткізеді. SPT олимпиадасы мектеп және колледж түлектеріне болашақ мамандықтарын таңдауға көмектеседі әрі грантқа ие болу мүмкіндігін ұсынады.
9 наурыз күні еліміздің 17 қаласында SDU университетінің ұйымдастыруымен SPT олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға жалпы 8481 оқушы тіркеліп, оның 2775-і қатысып, өз білімдерін сынады. Екінші кезеңге 3392 оқушы жолдама алды. Алматы қаласында олимпиада SDU кампусында өтті, мұнда 926 оқушы қатысып, жоғары нәтиже көрсетуге талпынды.
Олимпиада қорытындысы ресми сайтта және Telegram арнасында жарияланады.
Ұпай көрсеткіші ең жоғары үздік 306 қатысушы SDU-дың 4 жылға жарамды грант және жеңілдік сертификаттарымен марапатталады.


Previous
Next