SDU PhD түлектерін құттықтаймыз!
SDU University PhD докторанттардың оқуын сәтті аяқтап, диплом алғаны туралы маңызды оқиғаны үлкен мақтанышпен хабарлайды. Бүгін біз Гүлжаухар Асанбаева және Мансур Токановты құттықтаймыз.
Осы талантты жас ғалымдар жоғары академиялық дайындық пен ғылыми зерттеулерге деген адалдығын көрсетті. Біз PhD докторанттардың болашақтағы кәсіби қызметі еліміздің ғылымының дамуы мен халықаралық ынтымақтастыққа елеулі үлес қосатынына сенеміз.
Осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз және сіздерге әрі қарайғы табыстар, ғылыми жаңалықтар мен өз таңдаған салада жемісті еңбек тілейміз!


Previous
Next