SDU Extension School "Теориядан практикаға: Тиімді 45 минут" атты семинар өткізді
2025 жылдың 22 ақпанында SDU Extension School сұранысқа ие болған “Теориядан практикаға: Тиімді 45 минут” атты семинарының жетінші легін өткізді.
Семинар спикері – SDU University Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры Шаттыгүл Ерхожина. Ол қатысушылармен сабақ барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер, сабақты жоспарлау және үлгерім сапасын арттырудың жолдары туралы тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылар семинардан алған білімдерін өз тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік алды. Семинар соңында қатысушыларға SDU University Ректоры атынан сертификаттар табысталды.
