SDU зерттеушілері грант жеңіп алды
Айгул Даулеткулова жетекшілік еткен зерттеу тобын SDU University алғашқы рет өткізіп жатқан зерттеулерді нысаналы қаржыландыруға арналған грантын жеңіп алуымен құттықтаймыз! Бұл жоба серіктесіміз – «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты – бастауыш сыныптарда Сингапур математикасы оқыту бағдарламасының тиімділігін бағалау және оны Қазақстанның білім беру жүйесінде іске асыру барысында туындайтын қиындықтар мен мүмкіндіктерді анықтау. Бұл зерттеу өзінің жоғары әлеуетімен біздің университеттегі ғылымның дамуына ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның жалпы білім беру жүйесінің жетілдірілуіне үлес қосады.
Зерттеу тобына жемісті жұмыс, өзекті жаңалықтар мен табысты жарияланымдар тілейміз! Бұл грант сіздер үшін үлкен ғылыми жетістіктерге бастайтын алғашқы қадам болсын!