SDU University мен Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институты ынтымақтастық орнатты
SDU Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсюпов пен Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушысы Азат Қали Самарқанд қаласына сапар шегіп, көне шаһарда орналасқан Өзбекстан-Финляндия педагогикалық институтымен ынтымақтастық орнатып қайтты. Өзара келісім нәтижесінде меморандумға қол қойылды.
Екі ЖОО арасындағы бұл әріптестік білім беру сапасын арттырып қана қоймай, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен академиялық алмасу бағдарламаларын дамытуға жол ашады.
Бұл келісім екі ел арасындағы білім саласындағы байланыстарды нығайтып, заманауи педагогикалық тәжірибелерді жетілдіруге ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.



Previous
Next