SDU профессорының зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға қарай еңбек нарығында 170 млн жаңа жұмыс орны пайда болмақ
Бұл туралы SDU University профессоры, Fulbright ғалымы (АҚШ), экономика ғылымдарының докторы Болат Татибеков Қаскелеңде өткен Жұмысшы мамандықтар жылына арналған форумда мәлімдеді.
«Технологиялық даму жағдайындағы еңбек нарығы: 2030 жылға болжам» тақырыбындағы ғылыми баяндамасында ол бірқатар ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, алдағы перспективалар туралы айтты.
Оның айтуынша, екі апта бұрын өткен Даллас экономикалық форумында мынадай мәліметтер жарияланды: 2030 жылға қарай еңбек нарығында 170 млн жаңа жұмыс орны ашылады, ал 92 млн жұмыс орны жойылады. Бүгінгі күнмен салыстырғанда, жаһандық жұмыспен қамту деңгейі 14%-ға өседі.
Болат Латифұлының айтуынша, еңбек нарығындағы үлкен өзгерістер цифрландыру мен жасанды интеллект дамуымен байланысты болмақ. Әсіресе, деректерді енгізу операторлары, кассирлер, әкімшілік көмекшілер мен хатшылар сияқты интеллектуалды қызметтермен байланысты көптеген мамандықтар жойылады. Бірақ үлкен деректерді талдайтын сарапшылар, қаржы технологиялары инженерлері, жасанды интеллект және машиналық оқыту саласындағы мамандар жоғары сұранысқа ие болады.
Сонымен қатар, физикалық еңбекті қажет ететін мамандықтарға сұраныс жоғары болып қалады, өйткені роботтар музыка шығарып, өлең жазып, сурет сала алғанымен, адамның қолымен және аяғымен атқарылатын жұмысты толық алмастыра алмайды.
Профессор келесі мәліметтерді де атап өтті: болашақта міндеттердің 47%-ын адамдар, 22%-ын машиналар, ал қалған 31%-ын адам мен машина бірлесе атқарады.