Жаңа зертхана ашылды!
Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінде заманауи аударма құрылғыларымен жабдықталған Interpretation Lab зертханасы іске қосылды.
Финляндиядан арнайы әкелінген бұл құрылғылар аударма процесін жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Жаңа зертхана құрылғыларын ең алғаш болып студенттер сынап көрді.
Ашылу салтанатында зертхана жетекшісі Дияр Нұрметов презентация сабағын өткізіп, құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін көрсетті.
Қатысушылар Quiz Game ойнап, аудармадағы қабілеттерін сынады. Interpretation Lab аударма саласындағы кәсіби білімді арттырып, студенттер мен мамандардың шығармашылық қабілетін арттыруға септігін тигізбек. Бұл зертхана тек аударма шеберлігін шыңдап қана қоймай, инновациялық технологияларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

