"Тиімділіктің жаңа деңгейі" атты семинар өтті
2025 жылдың 1 ақпанында SDU Extension School “Тиімділіктің жаңа деңгейі” атты семинарын өткізді. Семинар SDU университетінің жатақхана қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру және жаңа ақпаратпен бөлісу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында “Көшбасшылық дағдысын дамыту” және “Тайм-менеджмент” тақырыптары кеңінен талқыланды. Қатысушылар жұмыс тиімділігін арттыру жолдарын зерттеп, тәжірибеден алынған нақты кеңестер алды. Семинардың негізгі спикерлері — SDU-дың тәжірибелі мамандары Берік Сабденалиев пен Дархан Қуанышбай.
Семинар соңында 30 қатысушыға SDU ректорының атынан арнайы сертификаттар табысталды.


Previous
Next