Көшбасшылық бойынша шеберлік сағаты
2025 жылдың 11 ақпанында SDU Бизнес мектебі көшбасшылық тәжірибелер, Ағын теориясы және FLIGBY симуляциялық ойыны бойынша қызықты мастер-класс ұйымдастырды.
Корвинус университетінің профессоры Золтан Бузадидың жетекшілігімен қатысушылар көшбасшылықтағы Ағын теориясы туралы құнды білім алып, FLIGBY симуляциясын сынап көрді. Олар басқарушылық шешімдер қабылдау үдерісіне терең бойлады.
Біз осындай интерактивті әрі пайдалы мастер-класты SDU-де өткізгенімізге қуаныштымыз және барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
