PhD Power-Up: Зерттеу және дағдылар Bootcamp – сәтті өтті
15-17 қаңтар аралығында өткен PhD Power-Up Bootcamp-ы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, докторанттар үшін маңызды ғылыми алаңға айналды. Қатысушылар әдеби шолу жүргізу, зерттеу әдістерінің инновациялық тәсілдері және деректерді талдау бойынша құнды ақпарат алып, өз дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Іс-шараға өзге университеттердің докторанттары да қатысып, өз ойларын ортаға салды. Олардың пікірлері Bootcamp-тың пайдалы әрі мазмұнды өткенін дәлелдейді.
Іс-шараға белсенді қатысқан барлық докторанттарға алғысымызды білдіреміз! Алдағы уақытта да ғылыми дамуға бағытталған осындай бастамалар жалғасын табады деп үміттенеміз!
