17 мамандық “Атамекен” ҰҚП рейтингінде ТОП-10 тізіміне енді
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» 2024 жылғы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Бұл рейтинг Қазақстандағы білім беру сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Рейтингте Университеттің 19 білім беру бағдарламасы бағаланды және жоғары көрсеткіштерге ие болды. Нәтижелер Университет бағдарламаларының сапасы мен түлектерінің қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті.
Атап айтсақ:
SDU University-дің Қазақстандағы үздік 5 бағдарламасы:
1 орын: Физика-Информатика (B010 Физика мұғалімдерін даярлау тобы)
2 орын: Химия-Биология (B012 Химия мұғалімдерін даярлау тобы)
3 орын: Қазақ тілі мен әдебиеті (B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау тобы)
4 орын: Маркетинг (B047 Маркетинг және жарнама тобы)
Халықаралық құқық (B049 Құқық тобы)
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (B057 Ақпараттық технологиялар тобы)
Математикалық және компьютерлік модельдеу (B057 Ақпараттық технологиялар тобы)
5 орын: Математика (білім беру) (B009 Математика мұғалімдерін даярлау тобы)
Шет тілі: екі шет тілі (B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау тобы)
Есеп және аудит (B045 Аудит және салық салу тобы)
Құқықтану (B049 Құқық тобы)
Ақпараттық жүйелер (B057 Ақпараттық технологиялар тобы).
Осылайша, SDU University-дің 19 бағдарламасының ішінен:
1 бағдарлама республика бойынша көшбасшы болды (Физика-Информатика).
12 білім беру бағдарламасы өз санатында ТОП-5 қатарына кірді.
17 білім беру бағдарламасы өз санатында ТОП-10 қатарына енді.
2024 жылғы НПП «Атамекен» рейтингі SDU University-дің Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында жоғары позицияларын сақтап отырғанын растайды. Университеттің бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді және түлектерге сұранысқа ие маман болуға көмектеседі.