"Мектеп. Оқушы. Ата-ана" форумы
SDU Extension School 5-6 қаңтар күндері “Мектеп. Оқушы. Ата-ана: Мектепке арналған “қауіпсіздік формуласы” атты дәстүрлі форумын ұйымдастырды. Іс-шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен орта білім беру мекемелерінің әкімшілік қызметкерлері және педагогтері қатысты.
5 қаңтар күні Алматы қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әкімшілік қызметкерлері мен педагогтері, 6 қаңтар күні Талғар аудандық мектеп директорлары, директор орынбасарлары және мұғалімдері қатысты. Форумның негізгі идеясы білім мекемелеріндегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қауіпсіз ортаны қалыптастыру болды.
Қатысушылар кейстерді талдап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Форумның нәтижесі ретінде әр топ “Қауіпсіз мектептің 5 ережесін құрастырды.
Іс-шара соңында қатысушыларға SDU Ректоры атынан арнайы сертификат табысталды.