Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия өз мамандығы бойынша ең үздік оқытушыларды таңдады.
Конкурсқа еліміздің 90 жоғары оқу орнынан барлығы 946 үміткер қатысты. Қазақстандық 38 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады, бұл шамамен 7 млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан бөлек «2024 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.
SDU University мекемесінен 4 үміткер байқауға қатысты. Соның ішінен Компьютерлік ғылымдар кафедрасының ассистент профессоры Бакранова Дина жеңімпаз атанды.
Конкурс жыл сайын оқытушы кәсібінің беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!