SDU University: 2024 жылдың айтулы 10 жетістігі

2024 жыл SDU University үшін жеңіс пен жетістікке толы жыл болды. Осы орайда, өткенге көз жүгіртіп, 2024 жылда орын алған ірі оқиғаларға тоқталып өтейік:

Біздегі 15 мамандық “Атамекен” ҰҚП рейтингісінде ТОП-10 тізіміне енді. Университеттер 19 критерий бойынша бағаланды, олардың негізгілері: жұмыспен қамту деңгейі, орташа жалақы, жас маманның жұмысқа орналасу жылдамдығы, білім беру бағдарламасының аккредитациясы және мамандықтың өзектілігі. Рейтинг нәтижесі бойынша SDU университетінің 15 мамандығы республика бойынша үздік ондыққа енді.

Freedom Shapagat SDU университетінің студенттері үшін жаңа оқу ғимаратын салды. Жыл басында SDU университетінде Freedom Holding Corp компаниясының қолдауымен жаңа ғимараттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жалпы ауданы 5600 шаршы метрден асатын заманауи оқу ғимаратының құрылысы жақында өз мәресіне жетеді. Мұнда студенттер жасанды интеллект негізіндегі технологияларды пайдалану әдістерін үйренеді.

QS Asia University Rankings 2025. SDU University беделді QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті. Өткен жылы университетіміз Азия бойынша 551-600 орындар арасында болса, биыл 461-470 орындарға дейін көтерілді. Сонымен қатар, SDU Азияның ең үздік 500 университеті, Орталық Азияның ең үздік 30 университетінің қатарына кіріп, аймақтағы жетекші орнын және білім мен ғылым саласындағы зор үлесін растап отыр.

SDU University жылдың ең ауқымды жәрмеңкесін өткізді. Ауқымы рекордтық көрсеткішке жеткен GRAND жәрмеңкесіне 7 мыңға жуық адам қатысты. Шара барысында аукцион ұйымдастырылып, университет меншігіндегі құнды бұйымдар қымбат бағаға саудаланды. Шара қорытындысы бойынша жәрмеңкеден 9 429 174 теңге жиналды. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен аймаққа көмек көрсету мақсатында «Шұғыла» Қоғамдық Қорына табысталды.

SDU University зерттеуші ғалымдары 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми жобаларға грант ұтты. «SDU University» зерттеушілері 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсында және «Жас ғалым» жобасы бойынша жеңіске жетті. Бұл маңызды жетістік зерттеу жұмысының жоғары деңгейін және ғылыми қоғамдастық үшін жобаның маңыздылығын көрсетеді.

130 баллдан жоғары жинаған 246 талапкер SDU студенті атанып отыр. Мемлекеттік грант конкурсының нәтижесі бойынша SDU университетіне 1401 талапкер грантқа түсті. Жаңа оқу жылының басты ерекшелігі – білімімен мыңды жыққан кіл мықтылардың көпшілігі SDU University-ді таңдаған. Айта кетсек, соңғы 3 жылда болмаған рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, 140 балл жинаған екі талапкер де бізді таңдады. Сондай-ақ 139 балл жинаған 3 түлек SDU студенті атанды. Статистикаға көз жүгіртсек, республика бойынша 138 балл жинаған – 6 талапкердің 5-еуі, 137 балл жинаған – 20 талапкердің 13-і SDU университетін таңдады.

Қытайдың 7 университетімен ынтымақтастық орнатылды. SDU университетінің делегациясы “Аспан асты еліне” сапар шегіп, Қытайдың үздік оқу орындарымен танысып қайтты. Нәтижесінде, беделді 7 университетпен әріптестік қарым-қатынас орнатылды. Бұл ынтымақтастық білім беру және ғылыми зерттеулер саласында халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа технологиялар мен инновацияларды меңгеруге мүмкіндік береді.

SDU University білім ордасында ICBCB конференция өтті. SDU University білім ордасында Мәдениетаралық байланыс бойынша халықаралық конференция өтті. Ауқымды шараға Ұлыбритания, Жапония, АҚШ, Канада елдерінің беделді ғалымдары, отандық зерттеуші-ғалымдар және еліміздің әр аймағынан келген оқытушы ұстаздар жиналды.

SDU университетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына арналған стендтің салтанатты ашылуы өтті. Қыркүйек айында SDU университетінде Тұрақты Даму Апталығы болып өтті. Апталық аясында ауқымды шаралар жүзеге асты әрі «SDGs at SDU» стендінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

SDU өнертапқыш студенттері көліктің жаңа моделін жасады. Биыл инженерлік бағытта білім алып жатқан студенттер университет негізінде екінші көліктерін жасап шығарды. «N1 Racing SDU» көлігін жасауға жалпы 9 ай уақыт жұмсалды: 6 ай жоба әзірленіп, соңғы 3 айда құрастырылды. «Кабирхан» деп аталған жаңа көлік алдыңғысына қарағанда қуаты жоғары, технологиясы күрделірек және қауіпсіздігі жақсартылған. Автокөлік сағатына 80 шақырым жылдамдыққа жете алады және апаттық жағдайларда моторды өшіру мүмкіндігімен жабдықталған. Студенттер инженерлік 3D модельдеу үлгісін 100% дәлдікпен жүзеге асырды.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: