15 оқушы SDU грантын жеңіп алды
22 қараша күні Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында XVIІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Білім бәйгесінде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы марапаттарға ие болды. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 4 оқушы SDU University грантын жеңіп алды.
Сондай-ақ, Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының үздік 11 қатысушысына да дәл осындай марапат табысталды. Жалпы алғанда, 15 талапкер жоғары оқу орнына тегін түсу мүмкіндігіне ие болды.
Білім бәйгесі дарынды жастардың қабілетін ашып, оларға үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Университет гранттарын жеңіп алған оқушылар еліміздің білімді әрі білікті болашақ мамандарының қатарын толықтыратыны сөзсіз.


Previous
Next