"SDU University үздік оқытушысы" байқауының қорытындысы
2024 жылғы 27 қыркүйек – 28 қараша аралығында университетімізде «SDU Үздік Оқытушысы» байқауы өтті.
Байқау нәтижелері бойынша:
• 1-орын: Мультидисциплинарлы білім беру орталығының профессоры Джемаль Оздемир;
• 2-орын: Инженерия және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ассистент профессоры Баян Бекболат;
• 3-орын: Мультидисциплинарлы білім беру орталығының аға оқытушысы Назгул Абдрахынова атанды.
Жеңімпаздар университетіміздің Ғылыми кеңесінде Ректордың құттықтауын қабылдап, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Олардың кәсіби жетістіктері университет қауымдастығына үлгі болатынына сенеміз.