Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттік конференциясы - 2024
21 қараша күні Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінде SDU Орталық Азия зерттеу орталығының (Central Asian Research Center, CARC) ұйымдастыруымен студенттік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – жас зерттеушілерге зерттеу жобаларын әзірлеуге, зерттеу идеяларын таныстыруға және оларды өз қатарластарымен және факультет профессорларымен талқылауға мүмкіндік беру болды. Конференция жұмысы құқық, журналистика және халықаралық қатынастар сессиялары бойынша ұйымдастырылды. Барлығы 65 ғылыми жобаның нәтижелері көпшілік назарына ұсынылды.