SDU университетінде мектеп оқушыларына арналған олимпиада өтті
SDU Extension School ұйымдастыруымен 30 қазан күні SDU университетінде Қарағанды облысы «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының» 5-9 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен олимпиада өткізілді. Іс-шара уақытында қатысушылар олимпиадамен қатар SDU-дың академиялық және әлеуметтік мүмкіндіктерімен танысты.
Университеттің студенттік клубтары арнайы жарыстар ұйымдастырып, мобилография семинары барысында оқушылар жарнама түсіріп, топтар өзара жарысқа түсті. Жеңімпаздар анықталып, олимпиада және жарыс жүлдегерлеріне SDU ректорының атынан сертификат табысталды. Пәндік олимпиададан математика пәні бойынша жүлделі 1-орынмен Әлихан Сүлеймен марапатталса, ағылшын тілі пәні бойынша жүлделі 1-орынды Набира Абильгазымқызы иемденді.
Оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз және SDU университетінің алдағы іс-шараларында күтеміз!
Жалпы олимпиада атмосферасы оқушыларға мотивация беріп, SDU университетінде білім алуға қызығушылықтарын арттырды деп сенеміз!