XVI республикалық пәндік олимпиадада SDU студенттері жүлделі орындарға ие болды
Шәкәрім университетінің 90 жылдығына орай «В037 Филология (Қазақ)» білім беру бағдарламалары тобы бойынша өткен XVI республикалық пәндік олимпиадада біздің студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды.
Команда мүшелері:
– Темірбек Дариға – «Үздік эссе» номинациясы
– Ниетбаева Камила
– Бердібай Ақбала
SDU University командасы командалық есепте жоғары нәтиже көрсетіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттерге жетекшілік еткен ұстазымыз Ғазиза Отарбаеваға ерекше алғыс айтамыз. Сондай-ақ, барша оқытушыларымызға қолдауларыңыз үшін алғысымыз шексіз!