Университетімізде республикалық “Ділмар” шешендік өнер байқауы өтті
Ұлттық рухани мұрамызды ұлықтау, ана тіліміздің, аталы сөзіміздің абыройын асқақтату, сөйлеу шеберлігін дамыту мақсатында SDU университетінде, студенттер арасында ІІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті.
Жарысқа еліміздің 12 жоғары оқу орнынан 12 студент қатысып, өз білімдері мен сөз өнеріндегі шеберліктерін көрсетті. Қазылардың ортақ шешімі бойынша, бас жүлде (600 000₸) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс студенті Аяулым Айдарқызына бұйырды. Жүлделі I орын (400 000₸) SDU University мекемесінің 2-курс студенті Жалғас Серікболұлына, II орын (200 000₸) Шәкәрім университетінің 4-курс студенті Тұралы Санжар және Астана халықаралық университетінің 1-курс студенті Сейфуллин Насихатқа берілді. III орын (100 000₸) иегерлері: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1-курс студенті Шәміл Тимурланұлы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 1-курс студенті Ақерке Ерболатқызы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4-курс студенті Аружан Нұржанқызы. Қалған 5 қатысушыға 50 000₸ ақшалай сыйақы мен алғыс хат табысталды.
Үш жыл қатарынан “Атамұра” корпорациясының қолдауымен өтіп келе жатқан байқау шешендік өнердің мәртебесін асқақтатып, жастардың білімге деген құштарлығын оятуда. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!