Оңтүстік Кореяға сапар: жетекші университетпен ынтымақтастық орнатылды
Академиялық істер жөніндегі проректор Андрей Богданчиков және Цифрландыру орталығының директоры Ибрагим Тунжер жұмыс бабымен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласына сапар шекті. Сапар барысында SDU делегациясы Cyber University of Korea білім ордасына бас сұғып, университет басшылығымен танысты.
Нәтижесінде SDU University мен Cyber University of Korea арасында ынтымақтастыққа негізделген меморандумға қол қойылды. Нақтырақ айтсақ, «Екі шет тілі» және «Аударма ісі» мамандықтары бойынша «3+1» үлгісіндегі қос диплом беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Өзара серіктестік тәжірибе алмасуға, білім беру бағдармаларын жетілдіруге және басқа да мүмкіндіктерге жол ашады.
Cyber University of Korea – Оңтүстік Кореяның Сеул қалсында орналасқан, 2013 жылы негізі қаланған университет. 17 факультеттен тұратын білім ордасы «Машина жасау», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Шет тілі», «Бизнес және кәсіпкерлік» сынды білім беру бағдарламаларымен танымал.