SDU University мен Малайзиядағы Sultan Idris Education University арасында серіктестік орнады
Бүгін Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жайнагүл Дүйсебекова және Sultan Idris Education University өкілдері маңызды келісімге қол қойды. Бұл келісім «6B01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру» білім беру бағдарламасы аясында, гуманитарлық ғылымдар кафедрасының басшылығымен жасалды.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі және 25 000-нан астам студенті бар Sultan Idris Education University-мен жасалған бұл серіктестік мектепке дейінгі білім беру саласында халықаралық ынтымақтастық пен инновацияларға жаңа мүмкіндіктер ашады.