SDU Extension School "Ғылыми жобаға өзекті тақырып таңдау жолдары" атты семинарын өткізді
21 қыркүйек SDU Extension School “Ғылыми жобаға өзекті тақырып таңдау жолдары” атты семинарын өткізді.
SDU Extension School Қарасай ауданы мұғалімдері мен SDU University бакалавриат және магистратура студенттеріне “Ғылыми жобаға өзекті тақырып таңдау жолдары” атты 3 сағаттық біліктілікті арттыру семинар-тренингін жүргізді.
Семинар барысында зерттеу жұмысына дұрыс тақырып таңдау, олардың өзектілігін дәлелдеу және 2023-2024 оқу жылында жиі кездескен қателіктер мен олардың шешімдері талқыланды. Қатысушылар семинарға белсенді ат салысып, практикалық тапсырмалар арқылы кейстерді талдады.
Барлық қатысушылар Ректор атынан арнайы сертификатпен марапатталды.
Келген қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!