ЖАҢАЛЫҚТАР

Академиялық адалдық лигасына мүше университет студенттері арасында медиа конкурс өтеді

Университеттердегі Академиялық Адалдық Лигасына мүше студенттер арасында медиа байқауын өткізу ережелері

Байқаудың мақсаты:

─ Қазақстан студенттері арасында академиялық адалдық ұғымын насихаттау.

─ Студенттердің медиа-контент жасау саласындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

─ Студенттердің сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру және ақпаратты талдай білу дағдыларын дамыту.

─ Академиялық адалдыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылауға ынталандыру.

Байқауға қатысушылар: Академиялық Адалдық Лигасына мүше университет студенттері қатыса алады.

Байқаудың тақырыбы: Байқау Академиялық адалдық тақырыбына арналған. Қатысушылар төмендегі тақырыптардың бірін таңдай алады немесе өз тақырыбын ұсына алады:

─ Академиялық адалдық ұғымы және оның студент үшін маңызы.

─ Қазіргі білім беру ортасында академиялық адалдыққа қарсы әрекеттер.

─ Академиялық адалдықтың студент пен қоғамға әсері.

─ Академиялық адалдықпен күресу жолдары мен әдістері.

─ Академиялық адалдық мәдениетін қалыптастырудағы оқытушылар мен университет әкімшілігінің рөлі.

Жұмыстардың форматы: Видеоролик:

  • Видеоролик ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек.
  • Инфографика: Байқау тақырыбына қатысты мәліметтер мен ақпараттарды көрнекі түрде көрсету.
  • Аудиоподкаст: Байқау тақырыбы бойынша талқылауды қамтитын аудиофайл.
  • Мақала: Таңдалған тақырыпқа арналған жазбаша жұмыс. Жұмыстарға қойылатын талаптар: Жұмыстар түпнұсқа болуы және үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзбауы керек; Жұмыстар белгіленген талаптарға сәйкес ресімделуі керек; Жұмыстар байқаудың тақырыбына сәйкес келуі керек; Жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде орындалуы тиіс; Ағылшын тіліндегі жұмыстар ICAI халықаралық байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Жұмыстарды бағалау критерийлері:
  •  Байқау тақырыбына сәйкестігі. 
  • Идеяның түпнұсқалығы. 
  • Орындау сапасы. 
  • Ақпаратты жеткізу тиімділігі. 
  • Жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы.
  1. Байқау қазылар алқасы: Қазылар алқасының құрамы қосымша хабарланады.

  2. Байқауды өткізу мерзімі: ─ Жұмыстарды қабылдау: 2024 жылғы 30 қыркүйек пен 10 қазан аралығы. ─ Қорытындыларды шығару: 2024 жылғы 10 – 11 қазан.

  3. Жеңімпаздарды марапаттау: Байқау жеңімпаздары сертификаттар мен сыйлықтармен марапатталады. Ең үздік жұмыстар халықаралық байқауға (ICAI, АҚШ) жіберіледі. Байланыс ақпараты: Қосымша ақпарат алу үшін adaldyq.po@kazguu.kz электронды поштасына хабарласыңыз.

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: