SDU және Wyoming университеті арасында меморандумға қол қойылды
Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетіне АҚШ-тың Wyoming университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы арнайы іс-сапармен келді. Өзара ынтымақтастықты ниет етіп келген құрметті қонақтар, SDU-дың тыныс-тіршілігіне шолу жасап, оқытушылық құраммен танысты. Нәтижесінде екі университет арасындағы меморандумға қол қойылды.
Қол қою рәсіміне Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Мадияр Саудбаев, SDU University халықаралық қатынастар бөлімінің директоры Бейбіт Дюсюпов, сонымен қатар Wyoming университетінің өкілдері – профессор Синди Прайс Шульц және профессор Майкл Браун қатысты. Қонақтар Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінде жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары және ғылыми жобаларымен танысты. SDU журналистика мектебінің студенттері осы айтулы оқиғаның куәсі болды.
Бұл келісімнің жүзеге асуына The University of Wyoming түлегі, SDU университеттің аға оқытушысы Асхат Еркімбай түрткі болды.