“SDU Extension school” орталығы дайындаған бағдарламалар ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілді
“SDU Extension School” және “SDU University” профессорлық-оқытушылық құрамы бірлесе отырып әзірлеген «Оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тактикалары», «Педагогтың цифрлық құзыреттілігі: анықтау, дамыту және нәтиже» және «Развитие компетенций современного учителя английского языка» атты 3 курс бағдарламасы Уәкілетті органның сараптамасынан сәтті өтті. Аталмыш бағдарламалар төмендегі бұйрықтар негізінде әзірленді: “Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту Қағидалары” ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығы және осы бұйрыққа қосымша болған ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №384 бұйрығы.
Болашақта “SDU Extension School” орталығы өзекті тақырыптарды қамтитын біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Толығырақ ақпарат алу үшін: +7 707 302 3134