Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі SDU университетінде
Бүгін SDU университетіне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жақыпова және Алматы облысындағы өнеркәсіп орталықтарының өкілдері келді.
Құрметті қонақтарды университет ректоры Әлімжан Игенбаев күтіп алып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Бұдан кейін делегация SDU Life ғимаратында өтетін кезекті отырысқа аттанды.
Еңбек және қауіпсіздік мәселелерін арқау еткен келелі отырыста өндірістік жарақат тақырыбында сарапшы-спикерлер сөз сөйледі. Атап айтқанда, «ZETA» ЖШС директорының орынбасары Мақсұт Қасымбекұлы, «Филип Моррис Казахстан» ЖШС директорының орынбасары Дмитрий Филипенко өндіріс орнындағы қауіпсіздік мәселесін талқыға салып, көптеген сұрақтарға жауап берді.
Previous
Next