Әкімшілік істер жөніндегі жаңа проректор тағайындалды
Нұркен Акимов SDU университетінің әкімшілік істер жөніндегі проректоры болып тағайындалды.
Жаңа проректордың білім беру саласында тәжірибесі мол. Нұркен Акимов ағылшын тілін оқыту бойынша бакалавр дәрежесін, білім беру және психология саласындағы магистр дәрежесін және білім берудегі басқару бойынша PhD кандидаты. Сондай-ақ, оның білім беру менеджменті мамандығы бойынша Болашақ бағдарламасымен University of Gloucestershire (Ұлыбритания) тағылымдамадан сәтті өткенін атап өткен жөн, бұл оның білім беру ортасындағы инновациялар мен дамуға деген терең қызығушылығын көрсетеді.
Нұркен Акимовты жаңа қызметімен құттықтаймыз және университетімізді дамыту жолындағы әр бастамасына сәттілік тілейміз!