Жас мамандар біліктілікті арттыру семинарын сәтті аяқтады
6 маусым күні Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің жас мамандары мен жас оқытушылары факультет іші жетілдіру семинарын сәтті аяқтады.
«Жас маман» бағдарламасы аясында 72 сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру семинарына қатысып, семинарды сәтті аяқтаған жас мамандарға SDU University академиялық істер жөніндегі проректор Андрей Богданчиков арнайы сертификаттарды табыстады.
Біліктілікті арттыруға дайын, білімге құштар жас мамандарды бұл сәтті қадамымен шын жүректен құттықтаймыз!