SDU University QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы позициясын сақтап қалды
Біз SDU University әлемдік деңгейдегі академиялық жетістігін бағалайтын QS World University Rankings 2025 рейтингінде №1201-1400 аралығындағы орнын сақтап қалғаны туралы қуана хабарлаймыз.
120 қазақстандық университет ішінде тек 21 жоғары оқу орны ғана рейтингтен орын тапты.
SDU University Қазақстанның басқа университеттерімен салыстырғанда бірқатар көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелер көрсетті: профессорлық-оқытушылық құрамға шаққандағы сілтемелер (5 орын), Халықаралық зерттеу желісі (7 орын), жұмыс берушілер арасындағы бедел (11 орын) және академиялық бедел (14 орын).
QS World University Rankings 2025 рейтингінде дүние жүзіндегі 5600-ден астам университет бағаланды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Алайда, бағаланатын университеттер санының айтарлықтай өсуіне қарамастан, рейтингтегі позицияларға тек үштен бір бөлігі ғана қол жеткізе алды.