Педагогика және Гуманитарлық Ғылымдар факультеті мен Құқық және Әлеуметтік Ғылымдар факультетінің білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеу үдерісінен өтуде
SDU университетінде Педагогика және Гуманитарлық Ғылымдар факультеті мен Құқық және Әлеуметтік Ғылымдар факультетінің 9 білім беру бағдарламасы Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз агенттігінің (АРТА) бағдарламалық аккредиттеуінен өтуде.
Педагогика және Гуманитарлық Ғылымдар факультеті: «Педагогика және психология», «Тарих», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Қолданбалы филология» бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша;
Құқық және Әлеуметтік Ғылымдар факультеті: «Жеке құқық», «Медиа зерттеулері және журналистика», «Ақпараттық технологиялар құқығы» магистратура білім беру бағдарламалары және «Қолданбалы құқық» докторантура білім беру бағдарламасы бойынша қатысуда.


Previous
Next